Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарды сақ болуға шақырды
Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ресми мәлімдеме жасады.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі отандастарды консулдық есепке тұрып, абай болуды сұрайды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтарына қауіп төніп тұрғанына байланысты, сізден ол жаққа бармауыңызды сұраймыз. Біз Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген барлық азаматтарымызды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің консулдық мекемесіне шұғыл түрде тіркелуді сұраймыз» делінген хабарламада.
Елшілік форс-мажорлық жағдайда Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.
Еске салайық, Вагнер тобының негізін қалаушы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігін жалдамалылардың позицияларына соққы берді деп айыптаған бірнеше аудио хабарлама жариялаған. Ол «біз 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз» деді. Пригожиннің айтуынша, оның тобы «елдің әскери басшылығы көтеріп отырған зұлымдықты тоқтатуды» жоспарлап отыр.
Ресей Федерациясының Ұлттық терроризмге қарсы комитеті бұл мәлімдемелерге байланысты қарулы көтеріліске шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Путинге жағдай баяндалған.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин Мәскеуде «қауіпсіздік шараларын күшейту үшін лаңкестікке қарсы шаралар жүргізіліп жатқанын» айтты. Ресей Федерациясы астанасында жолдарға қосымша бақылау енгізілді. Қоғамдық шараларды өткізуге шектеу қойылған.
Қазіргі уақытта Пригожин Ростовтағы әскери аэродром мен РФ Қарулы күштерінің Ростов тобының штаб-пәтерін бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық