Қазақстанның емдеу мекемелерінде 11,8 млрд теңгелік қызмет дұрыс көрсетілмеген
2022 жылдың жеті айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 11,8 млрд теңгеге 882,6 мыңнан астам ақауды анықтаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӘҚҚБ басшысы Айдын Ашуев мәлім етті.
— Ақаулардың ең көп саны КДҚ (консультациялық-диагностикалық қызметтер) ұсынатын жеткізушілер арасында анықталды. Көбінесе төлемге негізсіз көп қызмет көрсетілді, мысалы, олар 1 қызмет көрсетті, төлемге 3 қызмет көрсетті, - деп мысал келтірді Қор басшысы.
Атап айтқанда, Қор сарапшылары медициналық қызметтерді көрсетудің расталмаған 28 мыңнан астам жағдайын, яғни «қосымшаларды» анықтады, жалпы сомасы 214,2 млн теңгені қайтарып алу керек, анықталған жағдайлардың 99%-ы консультациялық-диагностикалық қызметпен қамтамасыз етуде орын алады.
Қор 2 жыл бойына белсенді мониторинг енгізіп, жүргізіп келеді, онда анықталған бұзушылықтарға жаза қолданылмайды, бірақ 45 күн ішінде жоюға мүмкіндік берілген. Осы мерзім өткеннен кейін ақаулары жойылмаған сомалар төлемнен алынады. 2021 жылдың соңында жеткізушілер бұл мүмкіндікті пайдаланып, анықталған жеті миллиард теңгенің 5,3 миллиард теңгесі жойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық