Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» корпоративтік сыйлығын алды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» корпоративтік сыйлығын алды.
ИКАО Кеңесінің мүшелері, ИКАО Хатшылығы, түрлі мемлекеттердің авиациялық билік органдары, IATA, CANSO, ACI World, TIACA, iPADIS және ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары 2023 жылы Монреальда (Канада) өткен «Жаһандық байланыс мәселелері" әуе көлігі симпозиумына және әуе көлігі марапаттарын тапсыру рәсіміне қатысты.
Шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» сыйлығын алды. Бұл халықаралық авиациялық қауымдастығы тарапынан Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмыстарды мойындау.
Марапат Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновке табысталды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі-үш жыл бұрын халықаралық озық тәжірибелерге негізделген тиімді авиациялық орган болу мақсатымен құрылған жас реттеуші орган.
Өткен жылдың сәуір айынан бастап бас директор Каталин Раду және ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев атынан жаңа басшылық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қадағалау мүмкіндіктерін нығайта алды. Оны түрлі халықаралық аудиттер мен бағалаулар мойындады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейлерде авиациялық қатысуын одан әрі дамытуды және кеңейтуді жалғастырады.
2023 жылғы жеңімпаздар арасында ИКАО президенті Сальваторе Шаккитано, ERA бас директоры Монсеррат Баррига, IATA басқарушылар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане, Гайана азаматтық авиация басқармасының бас директоры Эгберт Филд, TIACA, Wizz Air, iGA Стамбұл әуежайы, SkyTeam марапатталды.
ATN корпоративтік марапаты саланың халықаралық деңгейде танылуының ең жоғары деңгейін білдіреді және Қазақстанның авиациялық билік орындарын еліміздің азаматтық авиация саласының игілігі үшін өздерінің өршіл мақсаттарына жетуге және өз әлеуетін толық іске асыруға ынталандыратын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық