Қазақстаннан Пәкістанға жолаушылар рейсі ашылады
Тұрақты әуе рейстерінің ашылғаны Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің телефон арқылы сөйлесуінен кейін белгілі болды.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билік органдарымен бірлесіп және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Е.С.Кистафиннің көмегімен тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесі қолға алынғанын мәлімдеді.
«2023 жылдың 8 шілдесінен бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 ұшағымен аптасына 2 рейс (сәрсенбі және сенбі) жиілігімен Алматы-Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр» делінген хабламада.
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жеделдететіні атап өтілді.
Бұл ретте Қазақстан мен Пәкістан түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бүгін Пәкістан тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Сауда-экономикалық саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Ақорданың хабарлауынша, тараптар сондай-ақ өзара сауда өсімінің оң динамикасын және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюін атап өтті. Әңгімелесу барысында көшбасшылар елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін қуаттады.
Әңгіме соңында Премьер-Министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта Пәкістанға ресми сапармен келуге шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық