Қазақстандықтар Ресейдің әскери комиссариатын өртеді деген күдікке ілінді
Омбыда полицейлер 13 мамырда болған әскери комиссариат ғимаратының өртену фактісін тексеріп жатыр. Бұл ретте тергеу іске қазақстандықтар уәде етілген 800 мың рубль ақшалай сыйақы үшін қатысты деп күдіктеніп отыр.
«Московский комсомолец» газеті Telegram арнасына сілтеме жасап, тергеуде күдіктілер - Аңсаған Молдахметов пен Сейіл Диас Мұратұлы бар деп жазады. Мұндай әрекеттерді сыйақы үшін орындауды оларға Telegram арнасында белгілі бір «Добрынья Никитич» ұсынған деген болжам бар.
«Белгіленген күні күдіктілер автокөлікпен әскери комиссариат ғимаратына жетіп, ішіне бес «Молотов коктейлін» лақтырған. Ғимараттың өртеніп жатқанын көрген олар оқиға орнынан кетіп қалған» деп жазады басылым.
Өрт тез сөндіріліп, 24 тамызда күдіктілердің бірі ұсталғаны атап өтілді. Екіншісі әлі бостандықта. Ұсталған азаматқа қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған лаңкестік әрекет бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай ауыр бап бойынша ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық