Қазақстандықтар 53 мемлекеттің аумағында дауыс бере алады
Сурет ашық дереккөзден
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдықтары мен елшіліктерінде 68 сайлау учаскесі ашылады.
Шетелде тұратын немесе сондағы қазақстандықтар Қазақстан Республикасының консулдықтарының немесе елшіліктерінің аумағында дауыс беруге қатыса алады. 53 елдің шетелдік өкілдіктерінде 68 сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте жеке, ресми, білім беру, іскерлік және туристік мақсатта тұратын немесе болатын және жарамды төлқұжаты бар Қазақстан азаматтары дауыс беру үшін Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. Консулдықтар жанынан сайлау учаскесі құрылды», деп түсіндіреді ведомство.
Заңға сәйкес, шетелдік мекемелерде дауыс беру сайлау күні, яғни жексенбі, 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Бұл ретте Сыртқы істер министрлігі осы уақытта шетелде жүрген немесе болатын қазақстандықтарды жақын жердегі сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәліметтер беруін сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық