Қазақстандық тыңайтқыштарды шетелге тек өндірушілер сата алады
Үкімет тыңайтқыштардың бір бөлігін Қазақстаннан тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады
Тақырып диқандар арасында үлкен сұранысқа ие аммоний селитрасы мен аммофос төңірегінде талқыланды.
«Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды. Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр. Осылайша, кеден органдары елімізде субсидияланатын тыңайтқыштарды өндірушілерден бөлек нарық субъектілері экспорттаған фактілерді де тіркеуде. Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.
Сондықтан Үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады. Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек», — делінген премьер-министр сайтында.
Сату лицензияларын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық