Қазақстандағы су тасқынын арнайы комиссия бақылайды
Сурет ашық дереккөзден
Елімізде су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Осыған байланысты елде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі тұр.
— Енді су тасқыны жағдайына байланысты күшейтілен дабылға көшу керек. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптің күрт артып отырғанын көріп отырмыз. Осы бағыттағы үйлестіруді күшейту үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқаратын арнайы үкіметтік комиссия жұмыс істей бастайды, - деді жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерін іске қосу тапсырылғанын айтты. Оның айтуынша, жиналған ылғал қоры мен күтілетін жауын-шашын, қардың белсенді еруіне, еріген ағынды сулардың пайда болуына, мұз жарылуының әлсіреуіне және өзендерде судың көтерілуіне себеп болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық