Қазақстандағы сауда ЖІӨ құрылымында бірінші орында
Сурет akorda.kz
Елімізде бір жарым миллионға жуық адам саудамен айналысады. Бұл 551 мың кәсіпкерлік субъектісі. Бұл ретте сала пайда алу және негізгі капиталға инвестициялау деңгейі бойынша артта қалып отыр.
Мұндай мәліметтерді Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Вице-премьер сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдеріне тоқталды. Олар ішкі нарықты қорғауға, отандық өндірісті қолдауға және жаңа нарықтарды ашуға бағытталған. Электрондық коммерцияны дамыту, трансшекаралық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу қарастырылған.
Кездесу барысында Қазақстанның интеграциялық одақтардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қаралды. Министр Қазақстан делегациясының Иранға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды да баяндады.
Мемлекет басшысы жаңа сауда форматтарын енгізу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, сондай-ақ халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүдделерді белсендірек қорғау қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта ЖІӨ құрылымында елде сауда бірінші орында тұр (18,3%).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық