Қазақстандағы бірқатар нысандар жекешелендіру тізімінен шығарылды
Сурет: abai.kz
Еліміздегі бірқатар нысандар жекешелендіру тізімінен шығарылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Төменде «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулыға енгізілген өзгерістердің толық мәтінін беріп отырмыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
3-қосымшадағы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі» бөліміндегі жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінен шығарылған мекемелер туралы мәліметтерді ұсынамыз.
Сонымен тізімнен шығарылған нысандарға байланысты мәліметтер мыналар: «КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» яғни, 3.2-жол алынып тасталды.
4-қосымшадағы «Атырау облысының әкімдігі» бөліміндегі бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесіндегі 34.3-жол алынып тасталды: Хиуаз Доспанова атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.
Осы қосымшаның «Түркістан облысының әкімдігі» деген бөлімде 179-1.48-жол алынып тасталды: яғни, «Түркістан индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Алматы қаласының әкiмдiгi» деген бөлiмде 373-2.15-жол алынып тасталды – «Алматы қаласының мамандандырылған жерлеу қызметi комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Аталған қаулының 5-қосымшасындағы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы» бөлімінде бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын акционерлік қоғамдардың еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен байланыстырылған өзге де заңды тұлғалар тізбесінде 122.1-жол алынып тасталды, ол – «Астана – Арнайы қызметтер бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде 149-1.5-жол алынып тасталды: бұл «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Сондай-ақ аталған қаулымен бекітілген квазимемлекеттік сектордың жекешелендірілген субъектілерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары (қағидалары) туралы бірінші абзац өзгертілді:
«Келесі критерийлердің біріне сәйкестігі көрсетілген субъектіге қатысты оң баға болған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісін квазимемлекеттік сектордың жекешелендірілген субъектілерінің тізбесіне енгізу бастамасы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттердің экономикалық мүдделерін ескере отырып, оны іске асырудың негізділігі туралы мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық