Қазақстандағы бензин тапшылығы: Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды. Зауыт ішкі нарыққа өнім шығаруды бастады.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурызда басталған жоспарлы профилактикалық жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Жұмыс кестесіне сәйкес, 8 сәуірде аяқталады деп жоспарланғанына қарамастан, зауыт ішкі нарыққа өнім шығару ісіне кірісіп кетті.
Сәуір айында зауыт 366 мың тонна мұнай өңдеуі тиіс. 110,1 мың тонна бензин, 114,8 мың тонна дизельдік отын, 15,1 мың тонна сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тонна авиациялық отын және 77,6 мың тонна мазут өндіру жоспарлануда.
«Барлық жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды, ал кейбіреулері мерзімінен бұрын орындалды. Осылайша, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы жұмыс режиміне кірісті. Жұмыс көлеміне ауыстыру, қалпына, мұнайды бастапқы айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазалау, керосинді гидротазалау, каталитикалық крекинг қондырғыларының жекелеген бөлшектері мен жабдықтарын реттеу келтіру кіреді» делінген ҚМГ хабарламасында.
Жөндеу жұмыстарын 22 мердігер ұйым жүргізді, оған 1305 маман тартылды.
2022 жылдың соңында Шымкент мұнай өңдеу зауыты рекордтық 6,2 миллион тонна мұнай өңдеді. Ел басшылығы зауыттың өндірістік қуатын кеңейтіп, өңдеу көлемін жылына 12 миллион тоннаға дейін жеткізуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық