«Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасы іске қосылды
Негізгі әңгіме отандық тауар өндірушілердің басын біріктіріп, олардың өнімдерін ілгерілету туралы болып отыр.
Түркістанда «KazAgro/KazFood Turkistan2023» бірінші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтуде. Бұл шара «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасының іске қосылуының бастамасы болып отыр, деп хабарлайды Orda.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Көрме-жәрмеңкесінің мақсаты – елімізді және «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін әлемдік кеңістікте таныту. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді біріктіріп, олардың өнімдерін ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да ілгерілету туралы айтылып отыр.
Көрме барысында Түркістан облысының әкімдігі, сауда желілерінің өкілдері мен тауар өндірушілер арасында отандық өнімдерді ілгерілетуге көмектесу мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандумның мақсаты – отандық тауарларды ілгерілетуде барлық тараптардың бірлескен әрекеті. Атап айтқанда, сауда желілері мен базарларда тауарлар сатқанда отандық өндірілген тауарлар көзге көрінетін және физикалық қолжетімді орындарға, көз деңгейінде орналастырылуы керек.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің айтуынша, «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі мен жалпы қолдау отандық тауар өндірушілер үшін бөлшек сауда сөрелеріне жол ашпақ.
— Олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, сонымен қатар өндірістің дамуына серпін береді және сайып келгенде, олардың өзіндік құнын төмендетуге және өнім сапасының артуына әсер етеді, - деді ол.
Тауарды таңбалауды қолданудың бір артықшылығы – бөлшек және көтерме саудаға бөлек сауда орындарын ұсыну, сонымен қатар отандық тауарларды жарнамалау үшін. Оларға берілетін жеңілдікер, олардың сыртқы нарықта ілгерілеуіне жәрдемдесетінін айта кеткен жөн.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық