Қазақстанда жарақат алу көрсеткіші төмендеді
Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-ден астам жазатайым оқиғаға жол берілсе, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады. Осыған қарамастан, жарақаттар мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 16,2%, құрылыс саласында – 15%.
386 мыңнан астам жұмысшы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Әр екінші жұмысшы (46,8%) шу мен дірілдің жоғары деңгейінде, әрбір үшіншісі (33,2%) газдың ластануы мен жұмыс аймағының шаңдылығы жоғары жағдайында және әрбір алтыншы (16,7%) адам қолайсыз температура жағдайында жұмыс істейді. Ауыр дене еңбегімен 102,7 мың адам (6,1%) айналысады.
2022 жылы 680 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін түрлі өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 207,6 млрд теңге бөлді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 119 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар бойынша 1094 материал жолданып, олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық