Қазақстанда тұрғың келсе, тіл үйрен! - Наталья Дементьева
Фото: parlam.kz
ҚР Парламентінің депутаты Наталья Дементьева ресейліктердің өз елінде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қазақстанға келуіне қатысты пікірін білдірді.
Inbusiness басылымының хабарлауынша, бұл жағдай депутатты алаңдатуда.
— Бізге де мұндай көші-қон ұнамайды, ресейліктер туристік мақсатпен емес, белгілі бір адамның шешімімен саяхаттауға мәжбүр. Жалпы, ел ішінде бұл жағдайға бейжай қарамайтын адамды табу қиын. Өйткені бұл белгілі бір мағынада моральдық тұрғыдан ыңғайсыздық тудырады, - деді Дементьева.
Ресейліктердің ағыны біраз нәрсеге әсер етті. Біріншіден, бұл үлкен қалаларда тіпті миллион теңгеге дейін жететін жалға берілетін тұрғын үй бағасы. Депутаттан кейбір қазақстандықтардың ақша табу мақсатында азаматтарымызды қуып, «көршілерге» қоныстанып жатқаны туралы ақпаратты қалай қабылдағанын сұрады.
— Иә, өкінішке қарай, осы сәтті өз мүддесіне пайдаланғысы келетіндер бар. Бір жағынан пәтерлерді кімге және қандай сомаға жалға беретінін олардың өздері біледі. Бірақ ойлану керек. Бұл азаматтық мәселесін тудырады. Ақша табу үшін жерлестерін қуып жатандарды түсіне алмаймын. Осы жағдайға қарап, олардың ар-намысы, абыройы қайда қалды деп ойлайсың? – деп ашуланды мәжілісмен.
Сондай-ақ одан Қазақстанға келетін ресейліктерге қандай кеңес беретінін сұрады.
— Мен оларға қонақ екенін ұмытпаңдар дегім келеді. Жергілікті тұрғындардың өзіндік дәстүрі, тұрмысы, дүниеге көзқарасы бар. Біздің өз менталитетіміз бар, былайша айтқанда. Олар біздің осы құндылықтарымызды міндетті түрде құрметтеуге тиіс. Көптеген ресейліктер басқа елдерге транзитпен барады. Ал біздің елде қалғысы келетіндерге айтарым: «Мемлекеттік тілді үйреніңдер». Өйткені, тілге құрмет – елге құрмет! - деп қорытындылады Наталья Дементьева.
Еске салсақ, 21 қыркүйек Ресей президенті Владимир Путин елде жұмылдыру туралы жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық