Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы заңдастырылады
Сурет: yur-gazeta
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасына ресми түрде ауыса алады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Жалпы Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасына сәйкес 5 және 6 күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Алайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын деп көрсетілген.
«Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына ауысу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге мүмкіндік береді».
Аптаның қай күні үшінші демалыс күні болатынын жұмыс беруші мен қызметкер өз бетінше келісіп алады. Бұл туралы 84-бапқа өзгертулер енгiзiледi:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3- тармақ. Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді» делінген Заңда.
Заң 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық