Қазақстанда сұйытылған газдың жаңа шекті көтерме бағасы белгіленді
Сурет: ҚР Энергетика министрлігі
1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газдың жаңа шекті көтерме бағасы күшіне енді, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, белгіленген көтерме бағаның 33 600 теңге/тонна шегінде (ҚҚС-сыз) сұйытылған мұнай газын өндіру құны зауытқа байланысты тоннасы 42-72 мың теңге болды.
«2022 жылы Қазақстанда сұйытылған мұнай газын өндіру 2021 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 10%-ға қысқарды, бұл ретте тұтыну 400 мың тоннаға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті)» деп атап өтті Энергетика министрлігі.
Министрлік өндірістің құлдырауының басты себептерінің бірі инвестициялық тартымдылықтың жоқтығы деп түсіндірді. Өндіріс орындары сұйытылған мұнай газын өз құнынан төмен сатады.
Халықтың сұранысын өтеу және осы өнім өндірісін ынталандыру үшін Энергетика министрінің бұйрығымен өңдеуші кәсіпорындардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы ҚҚС есебінсіз 33 600 теңгеден тоннасы 40 320 теңгеге дейін көтерілді. Бұл ретте сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты литрі 4-6 теңгеге көтерілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық