Қазақстанда қасиетті Рамазан айы басталды
Биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады.
Ораза 29 күнге созылады. Ораза айт 21 сәуірге ткра келеді. Сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн – Қадір түні.
Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілді.
Пітір-садақа мөлшері елдегі 2 келі ұнның орташа бағасына орай есептелді. Ұн бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалалық және аудандық филиалдары берген ақпарат негізінде анықталды.
«Ұнның құны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалалық және облыстық бөлімшелері берген ақпарат негізінде анықталды. Пітір-садақа мейіз бағасымен де, құрма бағасымен де берілуі мүмкін. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді» деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында Қазақстан қалаларындағы ораза және намаз уақыттарының кестесі ұсынылды. Сондай-ақ сайттан барлық қалалардағы намаз уақытын жүктеп алуға болады.
Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық