Қазақстанда қала құрылысы кодексі жасалады
Қазақстан Үкіметі Қала құрылысы кодексін әзірлейтін болды. Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында берді.
— Үкіметке тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын. Әрбір қала үшін жер телімдері мен инженерлік желілердің функционалдық және интерактивті карталары жасалуы керек, - деді Тоқаев халыққа жолдауында.
Ол сондай-ақ 2,9 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты. Жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайта өңдеу жоспарлануда. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі шамамен 10 миллион гектарды құрайды.
— Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін бұл бағыттар бойынша нақты шешім қабылдауы керек. Енді жер мәселесін тексеруге мораторий алынып тасталды. Бұл қадам жұмысқа оң әсер етеді деп ойлаймын, - деп қосты президент.
Тоқаев сондай-ақ, елдегі сумен жабдықтау және жылу желілерін жаңартуды тапсырды.
Президент қант пен жанармай тапшылығына байланысты үкімет жұмысын сынға алды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте үндеу жариялап, қанды қаңтарға қатысушыларға рақымшылық жариялады.
Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, ол оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық