Қазақстанда ЭСҚ орнына QR-қол қою енгізілді
Қазақстанда мемлекеттік қызметтер порталында ЭСҚ орнына QR қолтаңбасын қою қолжетімді болды.
Бұл туралы ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электронды қосымшаларға қол қоюдың баламалы механизмін – eGov Mobile және eGov Busines мобильді қосымшалары арқылы QR қол қоюды енгізді. QR-қолтаңбаның артықшылықтары алынбалы флэш-тасығышқа ЭСҚ жүктеп алу және қосымша NCALayer қосымшасын орнату қажеттілігін жояды. Бүгінгі күні QR-қол қою электрондық үкімет порталында (egov.kz), Сот кабинетінде (office.sud.kz) және Otbasy Bank сайтында (otbasybank.kz) қолжетімді» деп хабарлады министрлік.
QR арқылы кіру үшін Face ID, саусақ ізі немесе PIN кодын пайдаланып eGov Mobile (жеке тұлғалар үшін) немесе eGov Business (заңды тұлғалар үшін) жүйесіне кіру қажет. Қолданбаның негізгі бетінде eGovQR қойындысын ашыңыз, QR құрастырады және құжатқа қол қояды.Келесі қол қойылған құжаттар мақсатына сай әрі қарай орындауға/қарауға жіберіледі.Сонымен қатар қол қойылған құжатпен әрқашан танысуға болатынын атап өткен жөн.
«Осылайша, QR-қолтаңба электронды құжаттарға қол қоюдың ыңғайлы және әрқашан қол жетімді тәсілі болып табылады» деп түсіндірді министрлік.
QR-қолтаңбаны қолдану аясын кеңейту жұмыстары бұдан кейін жалғасады.
«Мәселен, БЖЗҚ сайтында QR-қол қою мүмкіндігін енгізу бойынша жұмыс соңғы сатыға жетті» деп қорытындылады Цифрлық даму министрлігі.
Бұған дейін министр Бағдат Мусин QR-қолтаңба ЭСҚ-ны толығымен ауыстыратынын айтқан болатын.
— Менің ойымша, ең алдымен, адамдарға электронды қызметтерді пайдалану ыңғайлы болуын қамтамасыз ету керек. Мен бұл жұмысты жандандырып, NCALayer-тен мүлдем бас тарту туралы тапсырма бердім, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық