Қазақстанда екінші 5G жиілігі 93 млрд теңгеге сатылды
Қазақстанда екінші 5G жиілігі 93 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
23 желтоқсанда №2 лот бойынша 5G радиожиіліктері аукционындағы сауда-саттық аяқталды Сауда-саттықтың бастапқы сомасы 1,761 млрд теңге болды.
«Қазірдің өзінде сағат 10:00-де ең үлкен - 20 миллиард теңгелік бастапқы ұсыныс түсті . Төрт сағаттан астам уақыт ішінде сома рекордтық 93,399 миллиард теңгеге дейін өсіп, аукционды аяқтады» деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Telegram-арнасында.
Хабарланғандай, аукционның жеңімпазы болып «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС өкілдері бар консорциум танылды.
«Жеңімпаз тиісті рұқсат берілгеннен кейін 3700-3800 МГц диапазонында 100 МГц иегері болады. Екі лот бойынша аукцион қорытындысымен республикалық бюджетке бөлінген сома 156 миллиард теңге болды. Бұл қаражат бізге «Қолжетімді интернет» жаңа ұлттық жобасын жүзеге асыруға көмектеседі» деп жазды Бағдат Мусин.
Ол жобада үш мыңға жуық ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойына оптика төсеу, БАЖ салу және шалғай және қатынауы қиын ауылдарға электр қуатын тарту қарастырылғанын еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық