Қазақстанда бітімгершілік операцияларға әскерилерді іріктеу ережесінің жобасы әзірленді
Фото: mk.ru
Қазақстанда бітімгершілік операцияларға әскерилерді іріктеу ережесінің жобасы әзірленді.
«Бітімгершілік операцияларға қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеу ҚР Қарулы Күштері қатарында келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер қатарынан ерікті негізде, мемлекеттік органдардың атына берілген есеп негізінде жүзеге асырылады» делінген ереже жобасында.
Құжатқа сәйкес, іріктеу екі бағытта жүргізіледі:
- 1) әскери бақылаушылар және/немесе штаб офицерлері ретінде;
- 2) ұлттық контингент құрамында.
«Бітімгершілік операцияларға әскери бақылаушылар және/немесе штаб офицерлері ретінде жіберу жоспарланған кандидаттарды іріктеуге қойылатын талаптар:
- ағылшын тілін білу, деңгейі – IELTS 4.5 немесе STANAG 3333 немесе TOEFL 566 (86) төмен емес;
- денсаулық жағдайы - қолайсыз (ыстық) климаттық жағдайлары бар жерлерде қызметке жарамдылық;
- қанағаттанарлық моральдық, психологиялық және физикалық жағдай; жасы 25 жастан 55 жасқа дейін;
- ҚР Қарулы Күштеріндегі қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- жүргізуші куәлігінің болуы және механикалық беріліс қорабы бар автомобильді басқару мүмкіндігі;
- капитан, майор, подполковник және полковник әскери атағының болуы» делінген құжатта.
Ұлттық контингенттің құрамында бітімгершілік операцияларға жіберу үшін іріктеліп алынған кандидаттарға қойылатын жоспарлы талаптар да көрсетілген:
- командалық құрам мен мамандар үшін ағылшын тілін білу (бітімгершілік операцияларда орындалатын міндеттерге байланысты), деңгейі IELTS 3.0 немесе STANAG 2222 төмен емес;
- денсаулық жағдайы - қолайсыз (ыстық) климаттық жағдайлары бар жерлерде қызметке жарамдылық;
- қанағаттанарлық моральдық, психологиялық және физикалық жағдай;
- 21 жастан 50 жасқа дейін;
- ҚР Қарулы Күштерінде кемінде үш жыл қызмет ету мерзімі;
- мамандандырылған бөлімшелер үшін БҰҰ-ның негізгі талаптарына қосымша іріктеу жетекшілік ететін бөлімшенің басшысы бекіткен қосымша критерийлер бойынша жүргізіледі.
«Егер халықаралық ұйымның үміткерлерге қойылатын талаптары болса, іріктеу өтінімде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі» делінген жобада.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты елінің ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға ниетті екенін мәлімдеген. Кейін белгілі болғандай, ҰҚШҰ армян-әзербайжан жанжалын реттеуге араласуға бел буған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді талап етеді. 14 қыркүйекте Армения Әзірбайжанмен қақтығыс кезінде ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық