Қазақстанда 40-тан астам сайлау заңнамасын бұзу фактілері анықталды
Бас прокуратура сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етуді қадағалау туралы айтты
Қазақстанда 17 наурызға дейін Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 24, мәслихаттар сайлауында 13 заң бұзушылық тіркелді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Азамат Сарғазин мәлім етті, деп хабарлайды Orda.kz
— 17-18 наурыз аралығында сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үшеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға арналған. Осылайша, 17 наурызда Орал қаласында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын бұза отырып, сауалнама жүргізгені үшін сот шешімімен баспа басылымдарының бірінің иесіне ҚР ҚК ӘҚБтК-нің 120 бабы 3-бөлігі бойынша айыппұл салынды. 18 наурызда Түркістанда Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың біріне анонимді үгіт материалдарын таратқаны үшін сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 113-бабы бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл салды. Бірақ бұл оның кандидат ретіндегі тіркеуінің жойылуына әсер етпеді, - деді спикер.
18 наурызда Ақтөбе мен Қарағанды тұрғындары әлеуметтік желіде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат белгілі бір адамға дауыс беруге шақырды. Бұл үшін олар ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.
— Сайлау күні кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынғанын тағы бір рет еске салғым келеді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау мен дауыс беруге байланысты сауалнамалардың нәтижелерін, болжамдарды және өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді. Мұндай сауалнаманы сайлау учаскелерінде өткізуге болмайды. Бұл талаптарды орындамау ӘҚБтК-нің 102 және 120-баптары бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Қазіргі уақытта мұндай фактілер туралы хабарлама түскен жоқ, - деді прокуратура өкілі.
Дауыс беру мәселелері бойынша өтініштерге қатысты Сарғазин қазір соттар мен прокурорлар оларды дереу қарайтынын атап өтті. Жалпы, ағымдағы сайлау науқаны басталғалы прокуратура органдарына Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы 113 өтініш келіп түскен.
— Негізінен, бұл кейбір құқық бұзушылықтардың сыбайлас жемқорлыққа жатқызылуын нақтылауға арналған сұрақтар болды. 63 өтініш берушіге түсіндірме жауаптар берілді, 36 өтініш құзырлы органдарға жолданды. 14 үшін бас тарту сипатындағы жауаптар берілді, - деді Сарғазин.
Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 212 өтініш түсіп, оның 149-ы уәкілетті органдарға жолданды, 51 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 12 өтініш бойынша көрсетілген уәждер расталмай, тиісті жауаптар берілді. Сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етуді жоғары қадағалау бойынша жұмыс жалғасуда.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды