Қазақстанда 2024 жылдан бастап банкаралық комиссиялар төмендейді
Ұлттық банктің пайымдауынша, тарифтердің төмендеуі ШОБ жұмысына оң әсер етіп, көлеңкелі экономика көлемінің төмендеуіне әсер етеді
Қазақстан Ұлттық Банкі Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем карточкалары жүйелерімен қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банкаралық халықаралық комиссиялардың шекті мөлшерлемелерін төмендету туралы келісімге қол қойды. Комиссия мөлшерлемесі екі есеге жуық төмендейді.
Бұл екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарында, екіншісі 2025 жылдың 1 қаңтарында басталады.
- жаппай сегментте (Classic, Gold және т.б.) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер ағымдағыдан (1,80-2,0%) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,0%-ға дейін төмендейді;
- премиум сегментінде (Platinum, World және т.б.) бірінші кезеңде ағымдағы мөлшерлемелерден (шамамен 2,40%) 1,80%-ға, екіншісінде 1,20%-ға дейін төмендету жоспарлануда;
- супер премиум сегментінде (Infinite, World Elite, Diamond және т.б.) бірінші кезеңде тарифтер ағымдағы тарифтерден (шамамен 2,45%) 2,0%-ға дейін, екінші кезеңде - 1,40%-ға дейін төмендейді.
Ұлттық банк тарифтердің төмендеуі көлеңкелі экономика көлемінің қысқаруына әсер етеді деп есептейді.
«Қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер бойынша банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем саласының одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді және кәсіпкерлік субъектілерінің банктік комиссияларды төлеуге жұмсайтын шығындарын қысқартуға әкеледі. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамыту үшін жағдайды жақсартады және көлеңкелі экономика көлемін азайтуға оң әсер етеді» деп хабарлайды монетарлық реттеуші.
Ұлттық банк сондай-ақ көрсетілген мөлшерлемелер плюс 0,1% интернеттегі сатып алуларға қолданылатынын атап өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық