Қазақстанда 13,4 мың шетелдік азамат жұмыс істейді
Негізг еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келгендер.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары бойынша Қазақстанда 13 403 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде келесі санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарларына – 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына – 2 966 рұқсат (екінші санат). Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігін үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттары – тиісінше 7199 және 883 адам құрайды. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 391 адам, корпоративтік ауысым аясында 1399 адам тартылды.
Қазір Қазақстанда жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат пайдаланатын 1640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96 пайызын құрайды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылыс саласында ең көп жұмыс істейтіндер – 5 494 адам (41%); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – (11%) 1 455 адам; кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет – 995 адам (8%); өңдеу өнеркәсібі – 889 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641 адам (5%).
Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай – 3411 адам, Үндістан – 1685 адам, Түркия – 1523 адам, Ұлыбритания – 1073 адам, Өзбекстан – 769 адам.
Еске салайық, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілеп, бөледі. Биыл да ЕХӘҚМ шетелдік жұмыс күшін тартуға – 22 226 бірлік (0,24%) квота белгіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық