Қазақстан жүгі 4 айдан бері Қытай порттарында қаңтарылып тұр
Сурет: inbusiness.kz
Отандық кәсіпорындар пайдаланатын шикізаты бар қазақстандық контейнерлер Қытай порттарында төрт айдан астам уақыт бойы тоқтап тұр.
Осыған байланысты Қазақстандағы компаниялар жұмысын тоқтатуға мәжбүр, себебі өз өнімін өндіретін материал жоқ. Олар үлкен шығынға ұшырап, адамдар жұмыссыз қалып, тіпті қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр. Неліктен бұлай болды және оған кім жауапты, талдап көрейік.
Қытайдың Циндао портында зауыттарға, медициналық мекемелерге, көлік және азық-түлік кәсіпорындарына арналған жүк тиелген 600-ден астам қазақстандық контейнер екі айдан төрт айға дейін тоқтап тұр. Қытайдың Ляньюньган портында да жағдай дәл осындай, онда шілде айынан бері Hyundai Trans компаниясының 552 контейнері қаңтарылып тұр.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау департаментінің сарапшысы Ғамир Жұматаев Orda.kz тілшісіне кәсіпкерлердің мұндай мәселемен бірінші рет кездесіп отырмағанын айтты. Оны шешуге 2021 жылы талпыныс жасалған.
— Өткен жылдан бері АЭС-ке Қытай тауарларын және Қытай Республикасы арқылы транзитпен өтетін тауарларды әкелуге қатысты өтініштер келіп түсуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен 2021 жылы тетік әзірледік: бір айдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған контейнерлер тізімін біріктірдік; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ақпарат жіберілді; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз арналары мен елшіліктер арқылы Қытай тарапына ақпарат берді. Бұл механизм жақсы жұмыс істеп, контейнерлер қозғалды. Сегіз мыңнан астам контейнерді жылжытуды жеделдету мүмкін болды. Биылғы жылы жағдай тек ҚХР аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарларға қатысты қайталанып отыр, - деді Жұматаев.
Отандық кәсіпорындардың көпшілігі импорттық тауарларға өте тәуелді - бұл шикізат пен әртүрлі материалдар. Тамақ өнеркәсібі қатты зардап шегеді, өйткені ол өнімдер тез бұзылады.
АЭС отандық кәсіпорындармен, ҚТЖ және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, 5 қазанда бұл мәселені шешу үшін шұғыл кеңес өткізді. Оған ҚР ИИДМ шақырылды, бірақ министрлік өкілдері оған қатыспады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге тоқтап қалу жағдайының ҚХР транзиттен гөрі өз жүктерінің өтуіне басымдық беруіне байланысты қалыптасқаны түсіндірілді.
— Олар өз экспорттаушыларын қолдайды, сондықтан экспортқа басымдық беріледі, транзиттік жүктер қала береді. Сондықтан Циндао мен Ляньюньганда контейнерлер төрт айға жуық бос тұр. Салдарынан шикізат бүлініп, кәсіпорындар шығынға ұшырайды. Шығындардан бөлек, бұған кінәлі болмаса да, кәсіпкерлер Қытайда тоқтап тұрғаны үшін айыппұл төлейді, - дейді сарапшы.
Бұл отандық бизнестің басынан өткеретін қиындықтардың шеті ғана. Мәселен, Қытайда 500 контейнері тұрып қалған Eurasian Foods компаниясы 600 адамды ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр. Кәсіпорын мен жұмысшылар ғана емес, мемлекет те шығынға ұшырайды, өйткені бюджетке салықтық аударымдар айтарлықтай азаяды. Салыстыру үшін айтсақ: 2021 жылы Eurasian Foods 3,1 млрд теңге салық төлеген.
ҚР Сыртқы істер министрлігі мәселені шешу үшін Қытай тарапымен байланысқа шыққанын, бірақ олар бұрын әзірленген механизмді қолданбау туралы жауаппен бас тартқанын хабарлады, себебі бұл Қытайдан жүк тасымалдауды жоспарлауға кері әсер етеді.
«Қазақстан май одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Константин Невзоров бизнес үшін бұл Циндао порты маңызды екенін, басқа балама жоқ екенін айтты. Барлық ұсынылған басқа жолдар тасымал мен жүк құнын тиісінше 2-3 есеге көтеріп, отандық бизнесті және мұнда өндірілетін барлық өнімдерді бәсекеге қабілетсіз етеді.
— Неге біз Қытаймен үлкен шекараға ие бола тұра, транзиттік жүктерді өз аумағымыз арқылы өткізуге рұқсат береміз, ал біз өз жүктерімізді жан-жаққа жіберіп, алыс та айналма жолдармен әкелуге мәжбүрміз? Бұл көршілерге пәтерінен өтуге рұқсат берумен бірдей, нәтижесінде олар бізді өз пәтерлеріне кіргізбейді. Біздің бизнес, яғни импорттаушылар да, экспорттаушылар да, үшінші елдерден Қытай арқылы бізге тауар тасымалдайтын компаниялар да шығынға ұшырауда, - деді Невзоров.
«Қазақстан май одағы» қауымдастығына төрт ай бойы Қытайда жүктері бар кәсіпорындар жүгінді. Осы уақыт ішінде тауарды үш рет жөнелтуге мүмкіндік туды.
— Мен Америка ашып жатқан жоқпын, бұл туралы бәрі біледі, Украинадағы әскери операцияларға және Еуропаның Ресей Федерациясына салған санкцияларына байланысты ресейлік сатып алушылар негізінен Қытайға бағыт алды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Қытай арқылы өтетін еуропалық транзит және ЕО-ның Қытайдағы нақты сатып алулары да ешқайда кеткен жоқ. ҚХР-дағы Корея елшілігінің мәліметінше, олардағы контейнерлердің басым көпшілігі Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтетін ресейлік және еуропалық жүктер. Олар Қытай темір жолында да, ҚТЖ-да да басымдыққа ие. ҚТЖ отандық жүктердің порттар мен жөнелту станцияларында болған жағдайға жай ғана шыдамай, осыны пайдаланып, Қазақстан аумағы арқылы ресейлік және еуропалық жүктердің транзитінен жақсы пайда алып отыр.
Күніне контейнерлері бар 40-48 пойыз өтеді. Ресейліктер Чэндуден Ульяновскіге дейінгі контейнерлік пойыздардың бар болғаны 12 күнде жүретінін БАҚ арқылы мақтанып жариялады. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Ал біздің жүктеріміз қаңтарылып тұр. Егер Еуропа туралы айтатын болсақ, онда еуропалық жүк алушылар үшін жағдай одан да қолайлы, олар Қытай үшін де, ҚТЖ үшін де «сауынды сиыр» болып отыр, - деді Невзоров жағдай туралы.
Константин Невзоров ҚХР – РФ, ҚХР – ЕО транзитінің Қазақстан Республикасы арқылы өтетін жүктерді қабылдау жылдамдығы бойынша отандық тауар өндірушілердің мүдделеріне нұқсан келтіретінін мәлімдеді.
— Мәселені шешудің бір ғана тетігі бар – транзиттік тасымалдауды шектеу, ол отандық өндірушілер мен саудаға зиянын тигізеді, қабылдау мекенжайы Қазақстан Республикасы болатын жүктерді ҚХР аумағы арқылы өткізу мерзімін белгілеу. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы еуропалық және ресейлік жүктер басымдыққа ие болған кезде отандық жүк алушылар қолайсыз жағдайда қалмауы керек, - деді ол.
Өз кезегінде Ғамир Жұматаев «Атамекен» ҰКП жоспарымен бөлісті:
• Заңнамалық деңгейде ҚТЖ тасымалдаушысының ішкі және экспорттық тасымалдардағы жүктерді жеткізу мерзімдерін орындау жауапкершілігін арттыру. Анықтама үшін: бір вагонның жылдамдығы сағатына 330 шқ болуы керек, іс жүзінде ол 100-ден аспайды. Бұл кәсіпкерлер үшін қосымша шығын.
• Екінші жағдай. АЭС тепе-теңдікті сақтағысы келеді: ҚТЖ өз қызметтерінің құнын көтерсе, жүкті жеткізу жылдамдығын арттырсын. Яғни, «қызметтердің құнын көтеріп, сапасын арттыру қажет.
• Заңнамалық деңгейде байланыстардың басқа түрлеріне нұқсан келтірместен транзиттік қағидат бойынша байланыстың барлық түрлерінде тепе-теңдікті сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретін бекіту.
— Біздің мемлекеттік органдар ҚХР-ға: «Кешіріңіз, біз бірінші кезекте кәсіпкерлеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етпейінше, транзиттік жүктерді қабылдай алмаймыз» дегенде, менің ойымша, әңгіме одан әріге бармайтын еді. Елдік ұстаным пысықталуы керек. Барлығы әділ болатын еді: сәлеміне қарай – жауабы. Өйткені, олар үшін экспорт – транзиттік басымдық болса, бізде керісінше, транзит – экспорт пен импортта басымдық беруде. Бұлай болмауы керек, - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі.
Ұсыныстар пакеті жақын арада үкімет деңгейіне жіберілетін болады.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған