Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды
Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды. Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі арасындағы жоғары және одан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасында жазылған.
Жоба Ашық НҚА порталында 23 қарашаға дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.
Келісім 14 баптан тұратын болса, соның 6-бабына сәйкес, «тараптар (Қазақстан мен Өзбекстан – ред.) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде өзбек тілін, әдебиеті мен мәдениетін және Өзбекстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін оқып-үйренуге және оқытуға қолдау көрсетеді».
Сондай-ақ, келісім жобасында екі ел арасында бакалавриат пен магистратура бойынша студент алмасу тәжірибесі туралы да баяндалған. Енді жыл сайын қазақстандық 14 студент пен 6 магистрант Өзбекстанға тәжірибе алмасуға барады. Сәйкесінше, олардың орнына өзбекстандық білім алушылар Қазақстанға келеді. Студенттерге тегін жатақхана беріліп, медициналық қызметтерді тегін алуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, тұрақты шәкіртақы төленеді.
Келісім жобасында Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ғылыми жобаларды жүргізуде, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазуда арнайы шарт жасасу арқылы студент, оқытушы және ғалымдармен де алмаса алатыны жазылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық