Қазақстан Украинадағы «референдумдарды» мойындамайды
Украинада мойындалмаған ДХР мен ЛХР, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум өтіп жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары (Қазақстанда мойындалмаған), Херсон және Запорожье облыстарының аумақтарында өтіп жатқан Ресейге қосылу референдумы туралы түсініктеме берді.
– Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын қолдайды. Біздің президентіміз таяуда БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығын бірнеше рет, соның ішінде БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделгенін нақты атап өтті. Жарғы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу жауапкершілігі туралы айтады, – деді ол.
– Сонымен қатар, еліміз өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де тұрақтылықты сақтауды ең маңызды міндет деп санайды, – деп түйіндеді ол.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі еліміздің саяси диалог орнатуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін баса айтты.
Дауыс беру 23-27 қыркүйек аралығында өтеді. Референдум бастамашыларының пікірінше, мұндай шешім мойындалмаған Донбас республикаларының (өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР) аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және «тарихи әділеттілікті қалпына келтіреді». Украинаның Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумағы қазір ішінара Ресей Федерациясының әскерилері мен ресейшіл қарулы топтардың бақылауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық