Магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісін Android Earthquake Alerts System жер сілкінісі туралы ескерту жүйесі анықтады.
Жер асты дүмпулері сағат 02:47-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстаннан 16 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісін қазақстандықтармен бірге Түркіменстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан және Қырғызстан тұрғындары да сезді.
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.