Қазақстан Швейцария нарығына экспорттық тауарларды жеткізуді ұлғайтады
Қазақстан Швейцария нарығына экспорттық тауарларды жеткізуді 500 млн долларға ұлғайтуға дайын, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
«Біз экспортқа дайын тауарларымызды сараптадық және ағымдағы тізімді құны 546,4 миллион доллар болатын тағы да 90 тауар позициясымен кеңейтуге дайынбыз. Швейцариялық тауарлардың жоғары сапасын ескере отырып, біз премиум сегменттегі өнімдерді ұсынуға дайынбыз: уылдырық, балық, бал , шарап және арақ өнімдері. Біз Еурокомиссиямен белсенді жұмыс істеп жатырмыз, балық өнімдерін экспорттау келісілді, бал әзірленуде. Жұмыс топтарында біз Еуроодақ нарығына қазақстандық уылдырықтың жеткізілімін сертификаттау мәселесіне бастамашылық жасадық», - деді министр Серік Жұманғарин сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария комиссиясының 11-ші отырысында.
Швейцария бизнесін Philip Morris International (темекі өнеркәсібі), Glencore International (MMC), Roche Holding (фама), SGS (сертификаттау) немесе ABB (электротехника), Bühler Group (машина жасау) және т.б. ұсынады.
Елімізде швейцариялық капиталдың қатысуымен барлығы 300-ге жуық компания жұмыс істейді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларды құрады.
Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады: сауда және инвестиция, бірлескен жобалар, ауыл шаруашылығы, авиация, энергетика, техникалық реттеу, стандарттау және метрология, білім және ғылым, зияткерлік меншік салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ венчурлық инвестицияларды тарту.
Тараптар Швейцария мен Қазақстан нарығына жеткізілуі мүмкін әлеуетті экспорттық тауарлардың тізбесімен алмасуға және екі елдің іскер топтары арасында серіктестер табу және жеткізілімдерді орнату бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуге келісті.
Швейцария Нидерланды мен АҚШ-тан кейін Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың үштігіне кіреді. 2005 жылдан бері Швейцарияның Қазақстанға құйған тікелей инвестициясының көлемі 31 миллиард доллардан асты. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 миллиард долларға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда (1,3 миллиард доллар) 6,4 пайызға артқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық