Қазақстан сайлауда онлайн дауыс беру платформасын жасамақшы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында оның хатшысы Анастасия Щегорцова азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру механизмін енгізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бірақ өкінішке қарай бұл сайлауда онлайн платформа дайын болмайды.
Щегорцованың айтуынша, мұндай ұсынысты «Qamqor plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нияз Сүндеталиев айтқан.
- Азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру механизмін әзірлеу және енгізу ұсынысы зерттелуде және заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді, - деді ол.
Сонымен қатар, жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру шаралары талқыланды.
- ОСК мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы мүшелерінен, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден түскен барлық ұсыныстарды зерделеді. Олардың кейбіреулері дауыс беретін үй-жайларды жабдықтау мәселелерін егжей-тегжейлі көрсетуге қатысты (қолыңызға чип қоюға болатын көрсеткіші бар дауыстық бағдаршамдар; сайлау учаскесінің орналасқан жеріне, кіру/шығуға арналған жарық индикаторлары), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ымдау тілі арқылы сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстарына волонтерлар мен аудармашыларды тарту, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
Көру қабілеті бұзылған адамдарға Брайль шрифтімен трафарет жасау ұсынысы да назарға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық