Қазақстан неліктен қант импортына тәуелді?

cover

Қазақстанда тоғыз өнім бойынша импортқа тәуелділік байқалады. Тізім бойынша қант бірінші орында тұр. Қанттың 90%-ы елге сырттан әкелінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Сондай-ақ, негізгі импортық өнімдердің ішінде тауық еті, ірімшік, сүзбе, макарон, май және күнбағыс майы, қырыққабат бар.

«Бізде ғылыми негізделген тұтыну нормалары бар. Бұл 2016 жылы экономика министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жасаған бұйрығы. Азық-түлік өнімдері бойынша елдегі өндіріс тұтыну нормаларын сақтау үшін жеткіліксіз. Біз тауарлардың бір бөлігін импорттаймыз»,- деп түсіндірді Жұманғарин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар