Қазақстан мұнайы Түркиядан Румынияға тасымалдана бастады
Румынияда орналасқан Petromidia мұнай өңдеу зауыты үшін Түркияның Джейхан портынан Қазақстан мұнайын жөнелту басталды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазақстандық мұнайды жөнелту және оны Түркия портынан компанияға тиесілі Румыниядағы зауытқа тасымалдаудың басталғанын ресми түрде хабарлады. Жейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың бірінші партиясы «НМСК Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) тиесілі отандық ALATAU танкерімен тасымалданады. Танкер Петромидия мұнай өңдеу зауытына жүк түсіріп, Румынияның Констанца портына баратын жолы арқылы өтеді.
Жалпы, Ақтау-Баку-Джейхан бағыты бойынша жылдық көлемі 1,5 млн тонна мұнайды тасымалдау туралы бес жылдық келісім бар. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан SOCAR арасында өткен жылдың соңында қол қойылған болатын.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан мұнайы Ақтау-Баку бағытында жөнелтіле бастады. Қазақстан мен Әзірбайжан флоттары тасымалдауға паритеттік негізде тартылған. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтау портынан қазірдің өзінде 86 мың тонна жөнелтілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық