Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
«Өткізу қабілетін арттыру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары келісім бойынша күшейтілген режимге көшті. Осыған байланысты бақылау-өткізу бекеттеріндегі жинақталған заттар тез арада түсіріледі», - деді комитеттегілер.
20 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты шекарада көліктер жиналып, Өзбекстанға өту үшін 200-250 көлік күтіп тұрғаны хабарланды.
Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекеті қайта жөндеуге жабылды. 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап «Қазығұрт» (ҚР) – «С. Наджимов» (Өз) және «Атамекен» (ҚР) – «Гүлістан» (Өз) өткізу бекеті жұмысын тоқтатқан болатын.
«Айта кетейік, шекаралық өткізу пункттерінің өткізу қабілеті төмендемеген. «Қазығұрт» және «Атамекен» кеден бекеттері екі бағытта (импорт/экспорт) орта есеппен тәулігіне 350-400 жүк көлігі, жаңартылған «Б.Қонысбаев»бекеті арқылы - 1000-нан астам жүк көлігі» өтеді», - деді комитет.
Жүргізушілерге Түркістан облысы бойынша ҚМД интернет-ресурстарында (trk.kgd.gov.kz) бекет жүктемесі мен ағымдағы жол жүру тәртібін қадағалау ұсынылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық