Қазақстан мен АҚШ өкілдері Смайылов пен Розенблюм ынтымақтастықты талқылады
primeminister.kz
Қазақстан АҚШ-ты екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық серіктес деп санайды, деді Смайылов.
Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты тереңдетуге және нығайтуға бел байлауда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов АҚШ-тың еліміздегі Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 900-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылы 40 пайызға дерлік артып, 3,1 миллиард долларды құрады, ал америкалық инвестицияның ағыны екі есеге жуық өсіп, 5,1 миллиард доллардан асты. Бұл ретте Қазақстан сауда көлемін ұлғайту әлеуетін көріп отыр және 90 тауар позициясының экспортын 800 миллион долларға арттыруға дайын.
«Бұрынғыдай біз кең ауқымды өзара іс-қимылдың барлық күн тәртібі бойынша Америка Құрама Штаттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және нығайтуға бел байладық», - деді Әлихан Смайылов.
Розенблюм ортақ мүддеге негізделген Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын дамытудың үлкен әлеуетін көретіндігін жеткізді. Сондай-ақ ол әр түрлі секторларды ұсынатын 20-ға жуық америкалық компания осы жазда Қазақстанға іскерлік миссия құрып, келуді жоспарлап отырғанын түсіндірді.
«Біз инвестициялық көрсеткіштерді нығайтып, екіжақты тауар айналымын арттырғымыз келеді. АҚШ компаниялары Қазақстандағы әртүрлі салалардағы қызметін кеңейтуге мүдделі. Бұл тау-кен металлургия кешеніне, ауыл шаруашылығына, денсаулық сақтау саласына, ақпараттық-коммуникациялық және жасыл технологияларға, сондай-ақ көлік саласына қатысты», - деді Дэниел Розенблюм.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды сақтауға дайын екендіктерін растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық