Қазақстан күрішін Ресей белсенді түрде экспорттауда
Ресейдегі күріш өнеркәсібіндегі жағдай Қазақстан нарығына әсер етуі мүмкін. Елімізден күріштің шексіз экспортталатынын байқаған мамандар осылай деп дабыл қағуда.
ElDala.kz порталы алдағы күріш жағдайын қант дағдарысымен салыстыра отырып, саладағы қиын жағдайды жазады. 1 шілдеден бастап Ресейде өз күріштері мен күріш жармаларын экспорттауға тыйым салынғаны белгілі. Желтоқсан айының соңында тыйымды алып тастау керек, бірақ сарапшылар Ресей оны «азық-түлік қауіпсіздігі» үшін ұзартады деп болжайды. Бұндай пікірдің пайда болуының себебі: биылғы жылы Ресейде күріш жинау 960 мың тоннаны құрады, ал нормативтік көрсеткіш 1,1 миллион тонна болды. Бұл ретте бұл өнімге деген қажеттілік жылына 1 млн.тонна болып отыр.
— Қауымдастық Ресей Федерациясының қазақстандық күріш пен күріш өнімдерін белсенді түрде сатып алып жатқаны туралы ақпарат алуда, бұл қазірдің өзінде біздің нарықта күріш бағасының 30%-ға өсуіне әкеліп соқты, - деді Қазақстан қант, азық-түлікті өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева.
Сонымен қатар қауымдастық Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Сауда министрлігіне және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осындай хат жолдаған.
Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылдың тоғыз айында (қаңтар-қыркүйек) Қазақстан қазірдің өзінде 78,7 мың тонна күріш экспорттаған. Бұл ретте басқа сатып алушылар арасында Ресей 60% (34 мың тонна) үлеспен бірінші орында болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстаннан 76,1 мың тонна күріш экспортталды. Одан кейін Ресей 17% (19 мың тонна) үлеспен сатып алушылар арасында тек үшінші орынды иеленді. Ресей биыл қазақ күрішін сатып алуды екі есеге жуық арттырып отыр.
Мамандар күріш жармасының да жағдайы осындай деп отыр. 2021 жылы Қазақстан оны 40 мың тонна көлемінде экспорттаса, Ресейдің үлесі 67 пайызды құрады. Биылғы жылы жөнелтілімдер динамикасы сақталуда, ал Ресей сатып алудағы үлесін 83%-ға дейін арттырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық