Қазақстан ЕО-пен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі – Әлихан Смайылов
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчовичтің кездесуінде белгілі болды. Кездесу барысындағы талқылаулар туралы ақпаратты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі таратты.
Премьер-Министр Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар, соңғы жылдары маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы арта түскенін мәлімдеді.
Әлихан Смайылов өткен жылы COP-27 конференциясы аясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейенмен бірге осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды. Бірнеше апта бұрын Алматыда Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен осы Меморандумды жүзеге асыру бойынша жол карталарымен алмасу өтті.
«Құжат экономиканың нақты секторларындағы әріптестікті нығайту бойынша практикалық шараларды көздейді, оның негізгі элементі жасыл технологияларды енгізу болып отыр. Бұл осы саладағы ортақ мақсаттарымызды жүзеге асыруға қосымша серпін беретіні сөзсіз», - деді Премьер-Министр.
Марош Сефчович өз тарапынан Еуропалық Одақтың бұрын қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
«Менің бұл сапарым біздің Еуропалық Одақтағы Қазақстанды аса маңызды стратегиялық серіктес ретінде көретінімізді растайды. Біз өзара тауар айналымын арттыруға қуаныштымыз және сіздің елдегі ең ірі инвесторлардың бірі болғанымызды мақтан тұтамыз. Менің сапарым да сіздердің министрлеріңізбен кездесулердің барлығы да сәтті өтті. Біз бірлесіп жұмыс істей алатын ортақ жобаларды талқыладық. Бұдан да тығыз ынтымақтастықты қалай орнатуға қатысты ортақ мүдде күн тәртібіне қойылды», - деді Марош Шефчович.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық