Қазақстан Дүниежүзілік банктен тағы да қомақты сома алмақшы
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қарыз туралы келісімді (жеке секторды және экономиканың неғұрлым тұрақтылығын арттыруға негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған несие) ратификациялау туралы» Заңның жобасын мақұлдады.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, қарыз қаражаты осы келісім аясында республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шаралары аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін тартылады.
— Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен Қазақстанға 345,7 млн еуроны 11,5 жыл өтеу мерзімімен, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңімен несие береді. Комитет жоба бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауларыңызды сұраймын, - деді ол депутаттарға.
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ) 189 мүше-елдің ортақ иелігіндегі жаһандық даму ұйымы болып табылады.
ХҚДБ 1944 жылы Еуропа елдеріне Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтіруге көмектесу үшін құрылған. IDA - Әлемнің ең кедей елдеріне көмек көрсету қорымен бірге ХҚДБ Дүниежүзілік банкті құрады. Екі ұйым да Дүниежүзілік банк тобының қалған бөлігімен және дамушы елдердегі мемлекеттік және жеке секторлармен кедейлікті азайту және барлығына әл-ауқат орнату үшін тығыз жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық