Қазақстан БРИКС+ отырысына қатысты
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан БРИКС-ке кіруге мүдделі, бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Омаров мәлімдеді.
БРИКС+ отырысы Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында өтті. Оған қауымдастықтың тұрақты мүшелері мен «БРИКС достары» деп аталатын елдер қатысты, олардың арасында Қазақстан да болды.
Қазақстан форумға АӨСШК-нің қазіргі төрағасы және ШЫҰ-ның болашақ төрағасы ретінде шақырылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, министрлер форумы «Өзара жеделдетілген өсуді, тұрақты дамуды және инклюзивті көпжақтылықты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтан ұжымдық әрекетке көшу» ұранымен өтті.

Онда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров сөз сөйледі. Ол қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылаудың тиімді алаңына айналған БРИКС-ке Қазақстанның қосылуға мүдделі екенін түсіндірді.
«Қазақстандық дипломат форумға қатысушылардың назарын халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген БРИКС, АӨСШК және ШЫҰ мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарының синергетикасына аударды. Ол Қазақстан мен БРИКС-ке мүше елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті. Оған дәлел – Қазақстанның осы бірлестік мемлекеттерімен 2022 жылы 50 миллиард доллардан асқан жалпы тауар айналымына қол жеткізуі» делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, БРИКС-ке Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері кіреді. Бұл жолы арнайы шақырылған елдер – «БРИКС достары» – Қазақстан, Аргентина, Бангладеш, Бурунди, Габон, ДКР, Египет, Иран, Индонезия, Комор аралдары, БАӘ, Сауд Арабиясы, Уругвай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық