Қазақстан Ауғанстан халқына үздіксіз көмек көрсету жөніндегі кеңеске қатысты
Қазақстан Ауғанстан халқына үздіксіз көмек көрсету жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
«Еуроодақ астанасында Орталық Азия мен Еуропалық Одақ мемлекеттерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші кездесуі өтті. Іс-шараның күн тәртібінде Ауғанстандағы ағымдағы жағдай контекстіндегі аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне шолу және Ауғанстан халқына үздіксіз көмек көрсету бойынша тараптардың ынтымақтастығы қарастырылды» делінген хабарламада.
Тараптар Ауғанстандағы әйелдер құқығының нашарлауына алаңдаушылық білдірді.
«Ауғанстанда ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатудағы және ауған халқына халықаралық гуманитарлық көмекті тиімді көрсетудегі Орталық Азия елдері рөлінің артуы ерекше атап өтілді» делінген ақпаратта.
Біздің еліміздің атынан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев қатысты.

Бұл тұрғыда қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара іс-қимыл тәжірибесі атап өтілді. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілді.
«Отандық жоғары оқу орындарының ЕО қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді түрде қатысатыны расталды» деп хабарлады СІМ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық