Қазақшаға судай депутат Шиповскихтің қазақ әйелін жұрт орысша сөйлейді деп сөкті
Қазақша таза сөйлейтін Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихтің әйелі жұрттың сынына қалды. Ұлты орыс азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы орыс тілінде сөйлейтін болып шықты.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Бұған дейін тіл мәселесін көтеріп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген депутат Геннадий Шиповскихке соңғы кезде әйелі туралы оқырмандары көптеген сұрақ қоя бастапты. Желі қолданушыларын депутаттың жұбайы неліктен орысша сөйлейтіні мазалаған. Бұл сауалдарға депутат жұбайы екеуі жауап беріп, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялады.
– Кейбір оқырмандарым «Неге Алтынай (депутаттың жұбайы: автор) қазақша сөйлемейді?», «Жұбайыңызды қазақша үйретіңіз» деген сияқты сұрақтар қояды. Осыған байланысты кішігірім түсініктеме бергім келеді. Біздің отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсайды десек, артық болмас. Неге десеңіздер, өзім орыс бола тұра үйде не сыртта болсын қазақша көп сөйлеймін. Ал Алтынай қазақ бола тұра, кейде өкінішке қарай, орысша көбірек сөйлейді, – деді Геннадий Шиповских.
Депутат бала күнінен қазақи ортада жүріп, мектепті қазақ тілінде тәмамдағанын алға тартты. Айналасындағы жандардың барлығы қазақ болыпты. Әйелі Алтынай да 1-сыныпқа қазақ мектебіне барғанымен, ортасы орыс тілділер болған. Сол үшін көбінде орысша сөйлейді екен.
– Қазақша жаза да, сөйлей де аламын. Қазақтың барлық салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын жақсы білемін. Бірақ, маған ойымды орыс тілінде жеткізу жеңіл. Өйткені айналам орыс тілділер болды. Сондықтан сол тілде сөйлеймін, – деді депутаттың жұбайы.
@shipovskikh.g Ответ пользователю @zhanbo97n #рекомендации2022 #врек #реки #арғын #арғынныңқызы?? #сұрақ_жауап #ассамблеянародаказахстана #интернациональнаясемья #қазақтілі #қазақстанхалқыассамблеясы #қазақшасөйлесейік ♬ оригинальный звук - Шиповских Геннадий
Мәжілісменнің Алина есімді кішкентай қызы әкесімен қазақ, ал анасымен орыс тілінде сөйлесіп, екі тілді қатар меңгеріп жатқан көрінеді.
Видео соңында Геннадий Шиповских көпшіліктен орысша сөйлейтін әйелін сынамауды сұрады.
Дегенмен бұл бейнежазба көптеген оқырмандарға жақпай қалды.
«Осы жерде қазақша сөйлеу керек еді, қор болған қазақ тілім. Жүрегімен қаласа, қазақша ойлайды да, сөйлейді де. Бірі орыс — қазақша сөйлейді, бірі қазақ — орысша сөйлегенді қолдайды. Келіншегіңізге көбірек қазақша сөйле деңіз. Жай ғана өзінің еркелігі. Саған ұқсап сөйлесе болады ғой. Сені сыйламайды екен. Өзің жарайсың! Рахмет саған. Келіншегіңде намыс жоқ, сол уайым. Қазақ бола тұра қазақша білмей ме?, Келіншегіңнің ана тілінде сөйлеуге ынтасы жоқ» деп жазды желі қолданушылары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық