«Қазақмыс» Путиннің досы олигарх Ротенбергке сатылады
Қазақстандағы ең бай олигарх, «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70% үлесін ұстап отырған Владимир Ким осы үлесін сатпақшы.
Бұл туралы Nege.kz дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақмысты» сату бойынша Ресей президенті Владимир Путиннің жақын достары олигарх-ағайынды Ротенбергтермен келіссөздер өтті. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз.
«Компанияны 2006 жылдан бері, яғни 16 жыл бойы басқарған екінші акционер (акциялар үлесі 30%) Эдуард Огай орнынан кетті. Былтырғы пайдасы триллион теңгеден асып кеткен алпауытты басқаруға 1989 жылы туған жас маман Нұрахмет Нұриев тағайындалды.
Акционерлер Нұриевті транзиттік фигура ретінде қойып отырғаны түсінікті. Бәрі тыныш болса, Огай орнынан ешқайда кетпейтін еді» делінген хабарламада.
«Ким мен Огайға Жаңа Қазақстан аса ұнамады» дейді дереккөз.
Басылымның ақпараты бойынша, егер бағасына келісіп, компания сатылып жатса, Ким мен Огай бүкіл бизнесін Ресейге көшіртеді.
Владимир Кимнің өз компаниясынан біршама қарыз алып алғанын аудиттелген қаржы есептілік көрсетіп отыр. Ол өз компаниясына 8 миллиард теңге қарызын төлемей, оны шығындарға жатқыза салды.
2021 жылдың күзінде, Қаңтар оқиғасына дейін «Қазақмыстан» 217 миллиард теңге тағы да қарыз алды. Владимир Кимге оңай қарыз беретін «Қазақмыс» басқа банктерге 77 миллиард теңге қарыз екен.
«Назарбаев тобының бизнестерін Қазақстаннан Ресейге ауыстыра бастағаны байқалады. Түренге алғашқы соқаны Назарбаевтың өзі салды. Оның қаржылық тобы Ресейдің Азия-Тынық мұхиты банкін сатып алды.
Банкке уақытша қазақ қаржыгері Қайрат Алтынбеков басшылыққа келді. Енді Назарбаевтың артынан оның олигархтары да кететіні сөзсіз» деп түйіндеді басылым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық