QazaqGaz заңсыз әрекеті үшін 61,3 млн теңге айыппұл төледі
Фото: Envanto
Қызылорда облысында тұтынушылардың шағымдарынан кейін QazaqGaz Aimaq ұлттық компаниясы филиалына тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Газға қосылу кезінде тұрғындардан «Табиғи монополиялар туралы» заңда көрсетілмеген қосымша құжаттар талап етілгені анықталды. Бұл әрекет заң бұзушылық ретінде танылып, ресми тіркелді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті QazaqGaz Aimaq филиалына қарсы сотқа талап-арыз түсірді.
Барлық сот сатыларында, оның ішінде Жоғарғы сотта да, департаменттің ұстанымы заңды деп танылды. Нәтижесінде ұлттық компанияның еншілес құрылымы кінәлі деп танылып, оларға 61,3 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл қаражат мемлекеттік бюджетке түсті.
Orda.kz бұған дейін газ саласын Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарған кезеңде қандай қаржылық алаяқтық жасалғаны жайлы жазған еді. Сот кабинетін зерттеп қарап, осы іс бойынша үкімді оқып шықтық. Онда тек процестің өзі ғана емес, оның егжей-тегжейі ашық көрсетілген. Миллиардтарды олигархтың қалай алғаны жайлы сол материалдан оқыңыз.
Сонымен қатар Orda.kz Дубайдағы виллалардың қай ақшаға алынғанын зерделеп көрді. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы үнемі ішкі тарифтің зияны жайлы мәселе желеу етіп, миллиардтаған теңгені газ төлейтін кәдімгі түбіртектерді басып шығаруға жұмсаймыз деген сылтаумен қалтаға басқанын анықтадық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық