QazaqGaz Қырғызстанға қарсы арбитражда жеңіліс тапты
Қазақстандық газ компаниясы Қырғызстанға қарсы Париждегі халықаралық арбитражда жеңіліс тапты.
Қырғызстан әділет министрлігінің хабарлауынша, төрешілер алқасы бірауыздан Қырғыз Республикасының пайдасына шешім шығарған. Даулы жағдай Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбырының қырғыз бөлігін жаңғырту және бірлесіп пайдалану жобасына қатысты болды.
«2024 жылдың 30 қаңтарында трибунал құрамы (үш арбитрден тұратын) «QazaqGaz» ҰК» АҚ талаптарын қанағаттандырудан бас тартып, Қырғыз Республикасының пайдасына бірауыздан шешім қабылдады. Қырғыз Республикасына қарсы арбитраждық іс UNCITRAL арбитраждық ережелеріне сәйкес қазақстандық газ компаниясымен қозғалды» деді Қырғызстан әділет министрі Аяз Баетов.
Ұлттық компания «KyrKazGaz» ЖШС (қазіргі атауы – «Газпром Қырғызстан») бірлескен кәсіпорнына салынған инвестицияларды қайтарып алуға, сондай-ақ халықаралық келісімдердің тиісті нормаларын басқа да бұзушылықтарға байланысты 35 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етті. Кейін бұл сома 15 миллион долларға дейін қысқарды.
«2020-2023 жылдар аралығында тараптар өздерінің жазбаша ұстанымдары мен материалдарын, тараптардың даудың мәні бойынша дәлелдерін келтірді» делінген арбитраждық шешімде.
Төрешілер Қырғызстан тарапынан өз міндеттемелерін орындау жағынан ешқандай бұзушылықтар таппады. Осылайша, трибунал қазақстандық компанияның шығынды өтеу туралы талаптарын қабылдамады.
«Қырғызстанның атынан Willkie Farr & Gallagher заңгерлік фирмасы қатысты. Төрелік алқаның құрамына Королеваның кеңесшісі Ноа Рубинс (Франция, Төраға), Сергей Ватаев (Қазақстан, Талапкер тағайындаған), Алексей Жилцов (Ресей Федерациясы, Респондент тарапынан құзыретті орган тағайындаған) халықаралық арбитрлер кірді).
Сонымен қатар, QazaqGaz жауапкерге оның шығындарының 60 пайызын өтеуге міндеттелді, оның сомасына күрделі сыйақылар жылдық капиталдандырумен есептелетін болады. Қазақстандық компания төрелік соттың (Гаага тұрақты арбитраждық соты) әкімшілік шығындарын да жабуы тиіс.
Жаңалыққа түсініктеме берген мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов «Газпромның» жеңіске жеткенін атап өтті. Өйткені «ҚырҚазГаз» қазір ресейлік компанияның меншігінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық