«Qazaq Stroy» компаниясының алдына 40 жұмыскер жиналып, 5 ай ала алмаған жалақыларын талап етті
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматы қаласында «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясының алдына 40 шақты «StroyLux» мердігер компаниясының жұмыскерлері жиналып жалақыларын талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
«Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы мен «StroyLux» мердігер компаниясы Қарасай ауданындағы мемлекеттік мектеп салуға келісімшартқа отырады. Бұл құрлысқа 40 жұмыскер атсалысқан. «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы жұмысшыларға 11 миллион 700 мың теңге қарыз. Әрбір блокты салған сайын ақшасы төлену керек. Бірінші, екінші болоктын ақысы «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы тарапынан төленген. «StroyLux» мердігер компаниясының жұмыскерлері үшінші блокты бітіргеннен кейін ақысы кешіктіріле бастаған. Екі ай күткен құрылысшылар басқа жұмысқа кетіп қалады. Осыны пайдаланған «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы «StroyLux» мердігер компаниясы жұмысты аяқтамады деп сотқа шағым түсіреді.

Осы 40 жұмыскердің құқығын қорғайтын заңгер Инга Иманбайдың айтуынша олар жұмысты уақытында тапсырған.
«StroyLux» мердігер компаниясы Алматы облысы Қарасай ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын мектептепке тапсырыс алады. Бірінші, екінші блоктың жұмысының ақысы төленеді, ал үшіншіге келгенде ешқандай ақша төленбеген. Қазір құрылыс жүріп жатыр, бірақ олар мердігерді ауыстырып қойыпты, басқа компанияны алды, бірақ «StroyLux» мердігер компаниясының жұмысшыларына атқарылған жұмыс үшін жалақы төленбеген. Ал, олар атқарылған жұмыстың ақысын талап ете бастағанда, компания тіпті мердігерге қарсы сотқа дейінгі талап-арыз берді. Менде бұл сотқа дейінгі талап бар, мұнда көрсетілген ақша 3 млн. теңге. Мердігер қандай да бір жоба үшін 3 миллион алып, бірақ жұмысты аяқтамағаны үшін айыпталып отыр», - деді Инга Иманбай.

Заңгердің айтып отырған 3 миллион теңгесі «Qazaq Stroy» компаниясы мердігер компаниясына 3 миллион төледік деп сотқа шағымданған. Бірақ құжатта тек бірінші және екінші блоктың төленген ақшасы көрсетіліп тұр. Құжат бойынша 3 миллион теңге берілгендігі жөнінде ешқай жерде жоқ. Мектеп құрылысына 40 жұмыскер істеген осы 11 миллион 700 мың теңгеде 40 жұмыскердің ақысы бар.


«Біз 11 млн 700 мың теңге аяқталған құрылыс ақысын сұрап келіп отырмыз. Бұл тек 40 адамның ғана ақысы емес, 40 отбасының ақысы. Біз бұған дейін Bi group компаниясының құрлысын салдық, мемлекеттік мектептерді салып жүргеннен кейін осы компаниямен келісім шартқа отырдық. Екі ай айлық кешіктірілгеннен кейін жұмысшылар кете бастады. Біз бұл компанияға ескерттік, осындай жағдайға жеткізбейік деп», - деді «StroyLux» мердігер компаниясының директоры Ержан Шәкенов.

«Qazaq Stroy» құрлыс компаниясы бас кеңсесінің алдына жұмыскерлер жиналып БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатқанда құрлыс компаниясының өкілі шығып «StroyLux» мердігер компаниясының шотына 11 млн 700 мың теңге дәл қазыр аударылғанын айтты. 5 ай тежеген айлықтарын бір күнде бір сағатта шоттарына аударды.
«Біз шот-фактураны 17 қыркүйекте алдық, бірақ жұмыс аяқталмағандықтан ешқандай құжатқа қол қоймадық. Олар үш қабатты мектеп ғимараттарын салу керек болған. Олар жұмыстың үштен бір бөлігін ғана аяқтады. Жертөле бөлігін ғана бітірді. Бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарын шақыру және әлеуметтік қысым көрсету арқылы реттеу мүмкін емес. Біз жұмысшыларды қалдырып, қайтарғымыз келді, өйткені олардың бір жарым айдағы бұрынғы жұмысы бізді барлық жағынан қанағаттандырды. Оларға шағымымыз болған жоқ. Мен атап өткендей, олар жұмыстың үштен бір бөлігін ғана аяқтады. Аяқталмаған жұмыс үшін біз осы компанияның басшылығы арқылы сотқа жүгінеміз, өйткені олар қазір 40 жұмысшысын әкелді және олардың алдында ешқандай міндеттемеміз жоқ. Олар біздің қызметкерлер емес. Өздеріңіз көріп отырғандай, мұнда еңбек инспекциясының өкілдері де тұр. Біз оларға түсіндірдік», - Гүлім Оразбаева «Qazaq Stroy» құрлыс компаниясының PR менеджері.

Журналистердің бірі «не себепті 5 ай күттірген жұсысшылардың ақысын қазыр шоттарына түсірдіңіздер, жерналистер кетсін деген оймен бе?» деп қойған сұрағына «Qazaq Stroy» компаниясының ресми өкілі:
«Отбасын асырап, учаскелерде жұмыс істейтін 40 адамды суықта ұстағымыз келмейді. Алдағы уақытта мұны Ержанмен заң аясында шешеміз», - деп қысқаша қайырды.
Бүгінгі алған ақшаларын жұмысшылар алдағы уақытта «Qazaq Stroy» компаниясына қайтарып беруі де мүмкін себебі компанияның ресми өкілі алдағы уақыта сотта аяқталмаған жұмыстың шығынын қайтарып аламыз деп шығарып салды.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
- Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды
- Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
- Шымкентте ер адам бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірді
- 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
- Алматыда мопед жүргізушісін қағып қашып кеткен адам екі тәуліктен бері табылмады
- Қойнауы қазынаға толы кенді қала Жезқазғанның шұрық-тесік жолдары
- Қырғызстанда 16 жастағы қыздың шашын тақырлап алып, соққыға жыққан
- «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері көз жұмды
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында соңғы орын алса да 11,6 млрд теңге тапты
- Трамп қатты аяз кезінде шабуылды тоқтату жөнінде Путинмен келісім болғанын мәлімдеді
- Маңғыстау облысында 7 баланың әкесі әйелін пышақтап өлтірді
- Шығыс Қазақстанда бірден екі шенеунік пара алды деп айыпталды
- Қосшыда спорттық жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды
- Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді
- Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата
- Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?