«Qazaq Stroy» 3,5 миллиардтан астам қаржыны мәжбүрлі түрде өтейді
Экологиялық жанжалға қатысы бар «Qazaq Stroy» компаниясынан 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы күштеп өндірілмек.
Компания Алматыда заңсыз түрде құм қазып, топырақ пен құрылыс қалдықтарын төгіп келген. Мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады. Сот шығынды өтеу туралы шешім шығарғанымен, компания басшылығы бұл шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсіріп, кейін Жоғарғы сотқа жүгінген. Барлық жерде компания кінәлі деп танылды. Енді компаниядан 3,5 млрд теңге мәжбүрлеп өндіріледі, деп хабарлайды Алматы қаласы Экология департаменті.
Алғашында құрылыс маңындағы саяжай тұрғындары «Qazaq Stroy» компаниясының жұмысына шағыммен экология департаментіне жүгінген. Экологтар тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтап, кейін сотқа берген.
Сот процесі екі жылға созылды. Осы уақыт ішінде «Qazaq Stroy» компаниясының басшысы Нұрлан Артықбаев сот оны заңсыз құм өндіру және ірі көлемде қалдықтарды төгу үшін кінәлі деп тапқаннан кейін де президент Тоқаевтан «белсенді қоғамдық жұмысы үшін» Құрмет орденін алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық