Қазақ қызы Украинада өз қаражатына оқ өтпейтін кеудешелер жасап, тегін таратады
24 ақпанда соғыс басталғаннан кейін қазақ қызы Мәдина Берлиндегі жұмысын тастап, Украинадағы еріктілерге, фельдшерлер мен журналистерге арналған оқ өтпейтін кеудешелер шығаратын «Bulletproof Ukraine» компаниясын құрды.
Мәдинаның жасы 27-де, Қазақстанда туып өскен. КИМЭП-те оқыған, бір жылдан кейін Австрияға, кейін Германияға көшкен. Сол жерде ол венчурлық сәулетші ретінде - жұмыс істейтін корпорацияларға жаңа бизнес құруға көмектесіп, жаңа табыс көздерін тарту маманы болып жұмыс істеді. Негізгі жұмысы - басқа компаниялар үшін бизнес-идеяларды жүзеге асырып, ішкі процестерді орнату. Жоба қажетті көрсеткішке жеткенде оны клиентке қайтарып отырған. Қазақ қызының соғысқа дейінгі Берлиндегі өмірі тамаша өтіп жатады.
2014 жылы Украинаның шығысында соғыс басталды. Мәдинаның ата-анасы ол жаққа баруға тыйым салады. Бірақ жастайынан ізденімпаздығы басым Мәдинаға бұл жайт тыныштық бермейді. Оны майдан, посткеңестік ел тарихында алғаш рет ресейшіл биліктің ауысуы, халық ойының біржақты өзгеруі қатты қызықтырады. Мәдина 2015 жылы Австрияда оқып жүргенде топтастары қысқы демалысқа Батыс Еуропаға кетеді. Ал ол болса Киевке барғысы келіп жүреді. Ақыры ата-анасына Польшаға баратынын айтып, өзі Киевке жаңа жылды қарсы алуға аттанады. Бұл сапардан керемет әсер алып, 2021 жылға дейін тағы үш рет барады.

2021 жылға қарай Киевке қайта келген Мәдина осында қалам деп шешеді. Украинадағы кәсіпкерлік, олардың жұмысқа деген көзқарасы, шығармашылығы, технологиялық прогресі, халқының ерекшелігі оны қатты шабыттандырады. Ол бірден жақын достар тауып, 2021 жылдың ақпан айынан бастап ай сайын Берлин – Киев бағытында ұшып, екі қалада бірдей тұра бастайды.
24 ақпан күні Мәдина нақты шешім қабылдап, ерікті боламын деп шешіп, жұмысын тастап, түпкілікті Киевке көшіп келеді. Кетуге мәжбүр болғандарға баспана мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ол осы соғыстан зардап шеккен адамдарға оқ өтпейтін кеудеше жетіспей жатқанын байқап, тез арада өндіріске кіріседі. Себебі бұл сала оған гуманитарлық көмек жинаудан гөрі күрделірек әрі нақты көрінеді. Әрі бұндай күрделі істі қолға алғысы келетін адамдар аз болды. Ал сұраныс болса күн сайын артып жатты. Қажетті қорғаныс түрі бар кеудешелердің бағасы қымбат, олар бірден сатылып кетеді. Әрі соғыс жағдайларына байланысты оларды Украинаға жеткізу өте қиын еді.
Осының барлығын екшеген Мәдина өндірісті Украинада ашуды жөн көреді. Рост есімді досына қоңырау шалып, кездесіп, жобаға серіктес болуды ұсынады. Өйткені оған бірінші атысты көре сала қаша жөнелмейтін, мықты адам керек еді.
Рост болса бірнеше жыл кадет училищесінде оқығанын айтып, өзінің туған қаласы Черкассыдағы байланыстары металл табу жағынан көмектесетінін жеткізеді. Қазақ қызы осылай көп адамдардың тісі бата бермейтін күрделі өндірісті бастап кетеді.
Бұны естіген жергілікті жұрт жабыла көмектеседі. Ол Instagram-да жазба жариялау арқылы өзіне қажет нәрсенің барлығын тауып алады. Соғыс басталғаннан екі аптадан кейін олар бірнеше болат прототиптеріне тапсырыс беріп, сынақтан өткізе бастайды. Қатарласа Instagram желісінде қаражат жинау науқаны басталады, алғаш 6000 еуро жиналады. Рост өндіріске, Мәдина дизайн және қаржыға жауапты болады.
— Соғыс басталғалы мен Украинаға бес рет келдім. Басында қорқынышты болды, кейін үйреніп кеттім. Киевтің орталығында атыс болмағандықтан, дабыл дыбысын үнемі есту қалыпты жағдайға айналды. Ал 10 қазанда нағыз атыс басталды, - деп еске алады Мәдина.
Майдан шебінен бөлек, қалыпты тұрмысын жалғастырып жатқан тұтас ел бар. Адам өмірдің кез келген жағдайына, бомба баспанасында тұруға, тіпті атқылау қаупіне де үйренеді.
Мәдинаның айтуынша, өзі сияқты кез келген адам қайырымдылық жасауды немесе ерікті болуды өзінің моральдық міндеті деп санайды. Оқ пен өрттің ортасында өз Отаны үшін күресіп жатқан сан мыңдаған украиндықтардың арасында қазақтың қаракөз қызы да соғысты жеңуге атсалысып жүр. Еуропадағы жылы орны мен жалақысы жоғары жұмысын тастап, жүрек қалауымен соғыс өрті қайнап тұрған елде өндіріспен айналысып жүрген Мәдинаға амандықтан басқа тілеріміз жоқ.
Оқиға желісі The Village басылымынан алынып, өңделгенін ескертеміз.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт