Қазақ құтқарушылары Түркияда жеті адамды аман алып қалды

cover

Түркияда болған жер сілкінісіне көмекке барған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінді астынан жеті адамды аман алып шықты.

Олар сондай-ақ 14 адамның мәйітін жер бетіне шығарды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, Түркиядағы күрделі жағдай әлі де сақталуда.

Қазақстан құтқарушылары екі қалада: Газиантеп пен Нұрдалыда жұмыс жүргізуде. Олар сол жерде қалып, бұдан кейін де зілзала қасіретінен жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыра береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар