Қазақ мәдени мұрасының екі элементі ЮНЕСКО тізіміне енді
Мароккода өткен ЮНЕСКО үкіметаралық комитетінің 17-ші отырысында қазақтың «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері мен Қожанасыр туралы әзіл-оспақ әңгімелерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.
Отырыс барысында барлығы 46 номинация қаралды. Оның 20-сы ұйымның мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді.
— «Ортеке» – дала театры. Жалпы, бұл атрибуттың өзі балалардың көңіл көтеруі үшін ойлап табылған. Домбыра аспабында ойнайтын адам ортекеңнің өзінен шыққан қармақ жіпті ортаңғы саусаққа іліп қояды. Төменде механизм. Олар домбыра тартса, шығарманың ырғағымен тау ешкілері секіріп, билейді, - деп анықтама береді «Ықылас» халық аспаптары мұражайының экскурсия жетекшісі Данияр Жалқыбаев.
Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар.
Ортекеге кез-келген шығарма жарамайды. Музыканттар көбінесе кәсіпқойлар арасында нүктелі деп аталатын ырғағы бар динамикалық күйді таңдайды. Домбырашының немесе шертершінің қолы күрт қозғалып, қармаққа және оған байланған ағаш Ортекеге қажетті серпін беруі керек. Шығарманың тақырыбын әрқашан есте ұстап, қол қимылын жіті назарға алу қажет .
Бұған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасына 11 элемент енгізілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық