Qazaq Air жолаушысы алкоголь бермегені үшін бортсеріктерге тап берді
Фото: QAZAQ AIR
Qazaq Air әуе компаниясының Астана – Новосібір бағыты бойынша рейсі кезінде жолаушыға қосымша алкоголь беруден бас тартылған соң, ол бортсеріктерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 20 қазан күні болған. Астанадан Новосібірге ұшып шыққан рейсте мас жолаушы жанжал шығарған. Ұшақ қонғаннан кейін ереже бұзған адам полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, даудың себебі – жолаушы әйелге қосымша алкоголь құюдан бас тартылған. Осыдан кейін ол бортсеріктерге қол көтерген.
«Ұшақ Новосібір әуежайына сәтті қонды, онда ереже бұзған жолаушы полицияға тапсырылды. Мұндай әрекет заң бойынша жауапкершілікке тартылады, тіпті бас бостандығын шектеуге дейін», – деп түсіндірді әуе компаниясы.
Компания өкілдері сондай-ақ, әуе көлігінде тәртіп бұзған адамдар қара тізімге енгізілетінін, бұл оларға болашақта әуе компания қызметтерін пайдалануға тыйым салатынын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық