Қаскелең әкімі Болат Назарбаевқа 42 гектар жерді сатып жіберген
Orda.kz коллажы
Қарасай ауданының прокуратурасы сотта Қаскелең қаласы мен оның маңындағы жеті нысанды сатып алу-сату мәмілесін бұзды.
Сәуір айында Қарасай ауданының прокуратурасы экс-президент інісінің бұрын заңсыз алған жерлермен айналысуды ұйғарып, сотқа шағым түсірген. 17 сәуірде Алматы облысының Қарасай аудандық соты қадағалау органының арызын қарады. Сотталушы тарапынан Болат Назарбаевтың өзінен басқа төмендегілер қатысты:
• Қарасай ауданы әкімінің аппараты;
• Қарасай ауданының Қаскелең қаласының әкімі;
• Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі;
• Қарасай ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі.
Сот отырысында белгілі болғандай, Болат Назарбаев Қарасай ауданының бұрынғы әкімі Болатбек Құтпановтан екі жер телімін сатып алған. Қаскелеңнің солтүстігінде орналасқан ауданы 22 гектар болатын жер 2004 жылы 6 қыркүйекте сатылған. Екіншісі де Қаскелеңнің солтүстігінде орналасқан, ауданы 7,15 га, 2005 жылы 8 тамызда сатылған.
Сонымен қатар, Болат Назарбаев Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімінен де жер телімдерін алған. Қаскелеңде олардың ұзын ырғасы бесеу болып шықты. Оның екеуі қаланың солтүстігінде, екеуі Алматы-Бішкек тас жолының бойында, біреуі соның жанында орналасқан. Нәтижесінде аталған бөлім басшылығы сатқан жерлер:
• 2014 жылдың 27 наурызында 2,41 гектар жер телімін сатып алу-сату шартына қол қойылған;
• 2015 жылдың 8 желтоқсанында 2,41 гектар жер теліміне, ал 2017 жылдың 10 ақпанында қосымша келісімге қол қойылды;
• 2014 жылдың 8 сәуірінде Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы 2,63 гектар жер сатылды;
• 2015 жылдың 8 желтоқсанында Назарбаев Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы 2,63 гектар жерді сатып алды. Қосымша келісімге 2017 жылдың 10 ақпанында қол қойылды;
• 2019 жылдың 28 тамызында Алматы-Бішкек тас жолының маңында орналасқан 2,8 гектар жер сатылды.
Алматы облысы Қарасай аудандық соты прокуратураның талап арызын ішінара қанағаттандырды. Учаскелер бойынша сатып алу-сату мәмілелері жарамсыз деп танылды. Сондай-ақ, Болат Назарбаевтан мемлекеттік баж салығы ретінде 12 075 теңге өндірілді.
Болаттың отбасы да ойрандалып жатыр
Orda.kz тілшілері Болат Назарбаевтың Гүлжан, Майра және Гүлнұр Назарбаева есімді үш әйелге бір мезгілде қалай үйленгені турлы да жазған болатын. Біз оның үйлері мен сарайлары бар көптеген жерлері туралы жаздық.
Жалпы, экс-президенттің інісінің 20-ға жуық мұрагері болған. Әуелі ол өз фамилиясын әйелдерінің басқа некеден туған балаларына берген. Кейін оларды сот арқылы қайтарды.
Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның әр өңірінің прокуратурасы Болат Назарбаевтың бұрын сатылған немесе сыйға тартылған мүлкін тартып ала бастады. Олардың қатарында Алматыдағы «Оптовка» базары, Алматы облысындағы «Барыс» автобазары және Қарасай ауданындағы жер телімдері бар.
Orda.kz редакциясы «Жаңа Қазақстанның» ескі режим салдарымен қалай күресіп жатқанын баяндауды жалғастырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық